Барысов Айбек Айдарұлы
Қазақстан Республикасының Парламентінің Мәжіліс депутаттығына Алматы қаласы №5 бір мандаттық округі бойынша үміткер
2023 жылдың 19 наурызында Қазақстанда кезектен тыс Мәжіліс депутаттарының сайлауы өтеді деп жоспарланған.
ЖСН бойынша сайлау учаскесін іздеу
Құрметті алматылықтар!
Күн сайын Алматы ЖЭО-да (жылу электр стансасы) 60 вагон көмір жағылады. Бұл көмірдің күлділігі 42 пайыз, ол дегеніміз күн сайын сіздің өкпеңізге 20 вагон күл кетіп жатыр.
Айбек барысов

Еркін тыныстану!

Қазақстан Республикасының Парламентінің Мәжіліс депутаттығына Алматы қаласы №5 бір мандаттық округі бойынша үміткер Айбек Айдарұлы Барысовтың бағдарламасы
1

Таза ауа! Таза жер! Таза су!

2
Қауіпсіз өмір және жекеменшік!
3
Монополистердің коммуналдық төлемдер үшін тарифтерін қайтадан қарау!
4
Алматыда өндірісті дамыту!
5
«Сәтті» БО базасында Жоғарғы Инженерлік Мектеп құрып, әрі қолжетімді граннтармен қамту!

Бағдарлама неге 5 тармақтан тұрады?

Себебі бұл шынайы, және мен бұны іске асырамын, өйткені мен 5 жылдан соң сіздердің дауыстарыңыз үшін ораламын.

Мен туралы
Бұл бөлімде мен туралы ақпарат жарияланады: мен кіммін, қайдан келдім, не істеймін, менің көзқарасым мен құндылықтарым қандай (мақалалар, сұхбаттар, эсселер)
Мен туралы жалған
Бұл бөлімде мен туралы сенімсіз материалдар мен ең күлкілі фейктер жарияланады. Бұл ақпарат шындықтан алыс болғандықтан, оны жоққа шығарудың мағынасы жоқ. Мен мұндай «інжу-маржандарды» бір рубрикада жинауды шештім. Маңыздысы: барлық материалдар анонимді дереккөздерден алынған және авторлығы жоқ.
Өмірбаян
Барысов Айбек Айдароұлы
Экономикалық Ұлтшылдық қозғалысының жетекшісі.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығынан Алматы қалалық 5-ші сайлау округінен үміткер.
Қорғаныс-өнеркәсіптік кешені кәсіпорындары қауымдастығының басқарма төрағасы
Броньді машиналар өндірісі – «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС негізін қалаушы.
Отты басқарудың автоматтандырылған жүйелерінің өндірісі – «Weapon System Engineering» ЖШС негізін қалаушы
1977 жылдың 30 наурызында Шығыс Қазақстан облысында, мұғалімдер отбасында дүниеге келген.
Әкесі – Барысов Айдар Барысұлы, Анасы – Барысова Айман Әлібековна.
Жастық шағында самбо күресімен шұғылданған. Зайсан қаласындағы мектепті Ерекше үлгідегі аттестатпен өте жақсы бітірген.
1998 жылы Қазақ Мемлекеттік Басқару Академиясын «Экономист/халықаралық экономикалық қарым-қатынастар, халықаралық экономист» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын терезе орнатушы құрылыс бригадасынан бастаған.
2002 жылы «Казстройсервис» ЖАҚ директорына сайланады.
2003 - 2007 жылдар аралығында – «SAT&Co» АҚ директорлары кеңесінің мүшесі.
2007 - 2012 жылдар аралығында – «СӘТТІ» холдингтік компаниясы» ЖШС бас директоры.
2007 – 2010 жылдары – «Алматы Халықаралық Әуежайы» АҚ директорлары кеңесінің мүшесі, директорлары кеңесінің төрағасы.
2010 – 2015 жылдар аралығында – «Alliance group» ЖШС бас директоры
2014 жылы – Отандвқ броньді машиналар өндірісінің негізін қалады. Қазіргі заманғы Қазақстан тарихында алғаш рет қорғаныс технологияларының трансфертін жасап, «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» атты заманауи зауытты салды, оның жергілікті жерде шоғырлану деңгейі – 72%, өзі онда Бақылау Кеңесінің Төрағасы болып табылады.
2018 жылы өзінің «Shugyla» атты IT- тұғырнамасының (платформасының) негізінде отты басқарудың автоматтандырылған жүйесінің заманауи өндірісі – «Weapon System Engineering» ЖШС негізін қалады. Бүгінгі күнге «Ansar» және «Sunkar» жауынгерлік жүйелерінің өнеркәсіптік үлгілерінің жобасы жасалып, өндіріп шығарылды.
2020 жылы Айбек Барысовтың бастамасымен Қазақстанның қорғаныс кәсіпорындары «Қорғаныс-өнеркәсіптік кешені кәсіпорындары қауымдастығы» ЗТБ бірігіп, оны Басқарма Төрағасы етіп сайлады. Қорғаныс-өнеркәсіптік кешені кәсіпорындары қауымдастығына мемлекеттік қорғаныс саласындағы тапсырысты орындаушы 130 астам компания кіреді.
2023 жылдың 19 қаңтарында Айбек Барысов салалық қауымдастықтардың бірнеше басшысымен бірлесіп республикалық Экономикалық Ұлтшылдық қозғалысының құрылғанын мәлімдеді. Бұл оны ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығынан Алматы қалалық 5-ші сайлау округінен үміткер ретінде тіркеуге негіз болды.
Айбек Айдарұлы Барысов – әйелі, үш баласы бар.
Музыка, белсенді спорт пен аралас жекпе-жек өнеріне қызығушылық танытады.
Айбек барысов

Еркін тыныстану!

Қазақстан Республикасының Парламентінің Мәжіліс депутаттығына Алматы қаласы №5 бір мандаттық округі бойынша үміткер Айбек Айдарұлы Барысовтың бағдарламасы
Біздің басты мақсаттарымыз:
Елдің, бизнестің, халықтың еркін тыныстауына мүмкіндік береміз!
Қазақстан біздің ортақ үйіміз және онда тәртіп орнатуға қауқарлы бірақ күш бар, ол – БИЗНЕС !
Ол Шенеуніктер де емес, ол Назарбаев заманының саясаткерлері де емес, ол «диван сыншылары» да емес, тек қана жұмыс орындарын құрушы, жалақы төлеуші, өнім шығарушы, өз бизнесін өркендетіп және күллі қоғамды дамытушы.
Біз істің адамдарымыз және өз сөзімізге берікпіз, бұл нағыз іскер азаматтың басты өлшемі!
Мен біздің еліміздегі бірнеше сала бойынша ассоциалардан тұратын ортақ Қозғалыстың мүшесімін. Біздің іске асырмақшы қағидаларымыз бен жоспарларымыз бар.
Біз бұған өз қағидаларымыз арқылы қол жеткіземіз:
1

Азаматтық = Ұлт!

Біз барлығымызда біздің елдің азаматтары, этникалық, нәсілдік, мәдени немесе діни айырмашылықтарға қарамастан Ортақ Ұлтпыз. Егер сізде Қазақстан паспорты болса – біз сізбен бір Ұлтпыз.
2
Қауіпсіз өмір және жеке меншік басымдыққа ие!
Қазақстанның әрбір азаматы мемлекет тарапынан өз өмірін, ар намысын, мал мүлкін және жеке басын қорғау құқығына ие болып табылады. Біздің әр қайсымыз үйімізді, мал мүлкімізді, жеке басымызды, отбасы мүшелерін қолжетімді әдістермен қорғауға құқылы. Біздің өміріміз, үйлеріміз, компанияларымыз және бізге тиісілі барлық дүниелер – тек қана біз үшін ғана емес, бұл мемлекет үшін де басымдылыққа ие болуы тиіс.
3
Тәуелсіз соттар және барлықтарымыздың еш артықшылықсыз Заң алдында тең болуы!
Біздің кез келгеніміз әділ әрі тәуелсіз сотқа жүгіне аламыз, біздің құқықтарымыз – ең жоғарғы құндылық.
4
Таза ауа! Таза жер! Таза су!
Біз ата бабаларымыздан мирас болып қалған ұлы құндылықтарды сақтап, әрі балаларымызға таза жан жануарлар және сан қилы өсімдіктері жайқалған жәйлі өмірі бар Отанымызды қалдырыуымыз керек!
5
Шағын бизнесті салықтан босату!
Тек қана қызметкерлердің міндетті зейнеткерлік төлемдер мен медициналық сақтандырулары ғана қалуы керек. Жұмыс орындарын құру және айлықтарды төлеу арқылы бизнес еліміз үшін елеулі іс атқарады. Бюджеттің қалған мұқтаждары, кен орындарын жалға берулер мен орта және алпауыт корпорациялардың есебінен жабылуы тиіс.
6
Сөз еркіндігі!
БАҚ құралдарына мемлекеттік тапсырыстарды беруге тыйым салу, сондай-ақ, заң жүзінде жарнама бөлімдерін редакциялардан ажырату. БАҚ пен журналисттерді сатып алуға тыйым салу ! БАҚ – төртінші билік!
7
ШикізатӨндіріс–Өнім!
Өнеркәсіптік саясатты өзгертіп, шикізатты терең өңдеуді қамтамасыз ету. Біз өзгелерге тәуелділіктен құтылып барынша өзімізге қажетті өзіміз шығаруымыз керек.
8
Ұзақ мерзімді мемлекеттік тапсырыс!
Ұлттық бизнесті мемлекеттік органдармен, компаниялармен және корпарациялармен қажетті келісім шарттар мен қамтамасыз ету. Бюджетті жаңа өндірістерді дамыту ісіне тарту, технологияларды трансферттеу және жаңа жұмыс орындарын құру.
9
Министрліктердің функцияларын экономика салаларының өзін – өзі реттеуіне беру!
Салалар өз тағдырларын өздері шешіп және дамуы керек. Министірліктер үкімет ішіндегі шағын үйлестіруші органдарға айланады.
10
Отандық инвесторларды қорғау!
Қазақстанда кез келген адал инвестор шет елдік инвесторлар секілді қорғалуы тиіс, өйткені оның барлық қаржысы ел экономикасына жұмыс жасайды.
11
«Атамекен» Ұлттық Іскерлер Палатасын реформалау!
«Атамекен» Ұлттық Іскерлер Палатасының есебіне компаниялардан міндетті түрде салынатын жасырын салықты алып тастау. Ұлттық Палатаны жаңа бизнестерді тіркеуден түсетін үкімет салығы есебінен қаржыландыру. Ұлттық Палата штатын оңтайландыру және оның барлық жұмысын салалық ассоциациялармен ынтымақтастық арқылы құру.
Алматы – Қазақстанның әдемі гүлі, сондықтанда ол ЕРКІН ТЫНЫСТАУЫ керек!
Адамдардың еркін тыныстауы!
Бизнесттің еркін тыныстауы!

Табиғаттың еркін тыныстауы!

Таза Ауа! Біз 2-ші Жылу Электр Орталығын бір жыл ішінде газға ауыстырамыз. сонда қала түтіннен тазаланады! Электр орталығы күн сайын бір эшелон Екібастұз көмірін жағып оны ауаға және біздің өкпемізге таратады, көмірдің 20 вагоны ұсқынсыз әрі қауіпті қатты қалдықтар және түтін түрінде басымызда тұрады. Бұның бәрі біз көмірден газға ауыссақ тоқтайды.

Кептеліссіз қала! Кептелістер – ауаны ластаушы екінші себеп, бұл мәселені шешудің жолы бұл үлкен шахарлардағы көлік қозғалыстарын заманауи басқару әдістері. Біз бұл технологияларды меңгеріп және оны іске асыру арқылы көлік қозғалысын ЕРКІН қыламыз!

Жолдардың жәй күйі – біздің сорымыз, біз бұдан құтылу үшін біздің қаламыздағы жолдың бір бөлігін салған әрбір құрлысшы барлық шалшық, шоқалақ және ойыққа кепіл берілген мерзімге басымен жауапты болса ғана құтыламыз. Қала бюджеттінің барлық таратылу процессі тұрғындар үшін ашық және қол жетімді болуы керек.

Қауіпсіз қала – бұл біздің басымдылығымыз! Алматылықтар мен қала қонақтары кез келген уақытта және шахардың кез келген жерінде өзін қауіпсіз сезінуі тиіс. Бұл қауіпсіздік сақтау органдарының қолдауымен және олардың қоғам алдындағы есеп беруін күшейту арқылы қол жеткізіледі. Полиция өз жұмысына қажет нәрсенің бәріне ие болуы керек. «Сергек» жүйесі дамып, бірақ Ішкі Істер Министрлігінен тәуелсіз құрылым арқылы басқарылуы қажет. Полиция жұмысын бақылаушы камералар құқық қорғауды қолдаушы тәуелсіз қоғамдық ұйымдардың басқарылуында болуы керек. Бұны полиция мен кең қоғам бірлесе іске асыруы тиіс.

Алматының шағын бизнесін салықтан босату керек! Әрбір кәсіпкер және оның кәсіпорны - қала Әкімі мен қала тұрғындарының таптырмас активі! Ол сенімді түрде коррупциядан, қысымдардан, орынсыз сұрамшақтықтан, рейдерліктен және заңсыздықтардан қорғалуы қажет. Кәсіпкерлердің іске асырып отырған игі шаралары қала үшін-баға жетпес. Қанды Қаңтарды және чиновниктердің әлімжеттігін басынан өткізген бизнесмендер сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде қолдауға лайық. Бизнеске қолайлы орта қала экономикасына серпін беріп, тұрғындардың тұрмыс деңгейін көтеріп, жанға жайлы орта қалыптастырып және қаланың экожүйесін дамыта түседі.

Қуатпен қамтамасыз ету базарын ырықтандыру! Қазіргі таңда Алматы ЭнергоСбыт мекемесі – бізге жасанды таңылған монополист. Оның штатында біз асырап отырған 600 ден аса адам бар. Шынайы басекелестік пайда болса электрқуатына тарифтер төмендер еді, қазіргі Алматы үшін бұл айтарлықтай жоғары. Шынайы монополиядан басқа нәрселердің бәріне осы тұрғыдан қарау қажет.

Мен 1000 жұмыс орны бар жаңа қорғаныс заводын саламын! Бұл кәсіпорын заманауи иновациялық өндіріс орнына айналып, онда ең соңғы технология жетістіктері іске асырылады. Келіссөздер жүргізіліп және барлық құжаттар жинақталған. Бұл күндері біз базарлар мен сауда үйлерін салмай, заводтар салуымыз керек!

5 округтың тұрғындарының өзек жарды шешуді қажет ететін мәселері:
Бостандық ауданына Әл-Фараби даңғылының оңтүстік бөлігінен жаңадан қосылған аудандарды ауыз сумен жыл бойы қала тарифы бойынша қамтамасыз ету. ( Нұр –Тау, Нұрлытау, Асқартау, Ақтөбе, Ерменсай, Хан-Тәңірі, Архат мөлтек аудандары ) бұл жерлерде 20 мың тұрғын тұрып жатыр.

Бостандық ауданының тұрғындарының балаларын қосымша мектеп және балабақша орындарымен қамтамасыз ету (АДК, Мега Орталық және Жемістіконсервлеу комбинаты ауданы)
Медеу ауданының тұрғындарын сапалы сумен қамтамасыз ету (Таулы Қырат, Мұзтау, Кеңсай, Сұлусай)
Медеу ауданындағы балабақша мен мектептегі орындардың жетіспеушілігін шешу.
Наурызбай ауданын орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету.
Наурызбай ауданында заңсыз жерді басып алуларды тоқтату.
Наурызбай ауданына жаңа емханалар қажет және мүмкіндіктері шектеулі жандарға жағдай жасау керек.

Осы және басқада мәселелер шешімін табуы тиіс, мен Мәжіліс депутаты ретінде осы өзекті істердің атқарылуына тыңғылықты қадағалау жасаймын. Билік көргісі келмейтін, не істегісі келмейтін мәселелерді біз жүйелі түрде халықаралық тәжірибиелерге сүйеніп және халықтың қолдауы мен, және өз күшімізге сенім артып іске асырамыз!

Біздің болашағымыз жарқын, оның ірге тасын біз бүгін қалап жатырмыз !
Командаға қосылу

Егер менің мақсаттарымды және бағдарламаны қолдаңасыңыздар, біздің командаға қосылыңыздар:

Сайлауға дейін қалды:
Күн
Сағат
Минут
Секунд
ЖСН бойынша сайлау учаскесін іздеу
Байланыс мәліметтері:
Телефон: +7 707 014 4444
Email: info@barysov.kz
Үгіт материалдары «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі №2464 Конституциялық заңы 28-бабы 5-тармағына сәйкес шығарылды. Үгіт материалдарын шығарған Identica Graphics ЖК, ЖСН 660316300143, заңды мекенжайы: Алматы қ.. Қабанбай батыр к-сi., 109, Алматы қаласы бір мандаттық округі бойынша депутаттығына үміткер А. А. Барысов тапсырысы. Таралымы: 1 дана. Қазақстан Республикасының Парламентінің Мәжіліс депутаттығына үміткер А. А. Барысов сайлау қорының арнайы уақытша шоттынан төленді.
WhatsApp