Алматының жылу жүйесін көмірден газға көшіруді барлығы айтып жүр. Бірақ ЖЭО-тар әлі күнге дейін көмірмен жұмыс істеп жатыр. Неге? Өйткені ЖЭО-2 де және Екібастұз көмір кенішінің иесі бір, ал ол өзінің мүддесіне қайшы келе алмайды әрине.
Монополист ЖЭО-ға көмір жеткізуді тоқтата алмайды, өйткені бұл оған тиімсіз. Бұл алматылықтардың «улау жүйесінің» бірден-бір иесі болып табылатын «Самұрық-Энерго» компаниясын барлығымыз бірігіп сотқа беруіміз керек деген сөз.
Бүгінде олар ЖЭО-ны газға көшіру үшін күрделі техникалық жұмыстар қажет деп, халықты бізді адастыруда. Шын мәнінде, жүйенің отын жағылатын бөлігін ғана өзгерту керек. ЖЭО-ның иелерін алматылықтарды улауды тоқтатуға заңды түрде мәжбүрлейік.
Мен қаламыздың ауасын тазартуды парызым деп санайтындардың барлығын ЭСҚ (ЭЦП) көмегімен «Самұрық-Энергоны» сотқа беруге шақырамын.Оны былай жасауға болады:
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) қол қою. Өтінімге құжаттарды тіркеу:
- талап арыз (*.doc форматында);
- өкілдің уәкілеттілігін куәландыратын сенімхат немесе өзге құжат;
- талапкер өзінің талаптарын негіздейтін жағдайларлы растайтын құжаттар, осы құжаттардың көшірмелері жауапкер және үшінші тараптар үшін, егер ол жоқ болса;
- оны даулау кезінде нормативтік құқықтық актінің мәтіні;
- кейінге қалдыру, ұзарту, сот шығындарын төлеуден босату немесе мөлшерлерін азайту, талапты қамтамасыз ету, дәлелдерді және басқаларын егер талап өтініште көрсетілмесе қамтамасыз ету туралы сұраныс хат.
- Талапкер туралы нысанды және жеке немесе заңды тұлға болып табылатын - жауапкер туралы мәліметтерді толтыру (жеке және заңды тұлғалар үшін). Электронды талап арыз нысаны бір немесе бірнеше талапкер және жауапкер нысаны бір немесе бірнеше жауапкердің мәліметтерін енгізуге мүмкіндік береді (жеке заңды тұлғалар).
- Заңды тұлғалар талап арыз бергенде жеке тұлғаның есеп жазбасын қолдану қажет (ЖСН арқылы), одан кейін талапкер жауапкер туралы мәліметтері жолдарын туралытолтырады, бұдан кейін талапкер туралы мәліметтер жолынау талапкер ретінде шығатын адамның мәліметтерін толтыру.
- «Электрондық үкімет» төлем шлюзінің бетіндегі «Төлем» түймесін басу арқылы төлем жасаңыз.
Ескерту. Онлайн өтініш беру кезінде облыстың атауы, соттың атауы, электрондық өтініш нөмірі бойынша процеске мониторинг жасау мүмкіндігі пайда болады. Бұл үшін
сот істері бойынша анықтамалықпен пайдалану қажет.